Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Әрбір адамның қан қысымының көтерілгенін сезінгені айқын. Біз көбіне оны қолайсыз метеожағдай себебінен деп білеміз, алайда бұл аурудың алғышарты, яғни жаршысы – гипертония.
Артериальды гипертонияның қаупі сонда — ол қан қысымының айналымының қызметінің бұзылуы ретінде басталады, кейіннен ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Гипертониялық ауру дәрігер бақылауынсыз инфарктіге, соңғы кезеңінде жүрек жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Жоғары қысым кезінде миға қан құйылып, инсульт дамуы әбден мүмкін. Гипертония бүйрек жетіспеушілігіне, соқырлыққа, естің, интеллекті мен жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкеледі.
Әсіресе, зиянды факторлар салдары қауіпті – шылым шегу, спирттік ішімдіктерді қолдану, тиімсіз тамақтану, аз қозғалу, жиі стресстер, артық салмақ, холестериннің жоғары деңгейі мен қант диабеті. Бұндай адамдарда инфарктінің, инсульт пен бүйрек жетіспеушілігінің тәуекелі жоғары болады.
Гипертониядан не сақтайды? Біріншіден, саламатты тамақтану –фастфудтан бас тарту, күніне 5 г тұз пайдалану, майлардың үлесін азайту, жеміс-жидектерді көп жеу. Екіншіден, шылым шегу мен алкогольден бас тарту. Үшіншіден, белсенділікті арттырып, күніне физикалық жаттығуларға 30 минут уақыт бөлу. Артық салмақтан арылып, өз салмағыңды бақылау маңызды, және де өмірге позитивпен қарап, стресстерден сақтану керек. Ауырып емделгенше, ауырмайтын жол ізде!