Бүгін Қ. Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы, әріптестерін мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтайды.
АОФО ұжымы, бүгін таңертең барлық мейіргерлерді гүл мен жақсы көңіл-күймен салтанатты қарсы алды, әрине, дәстүр бойынша «2025 жылдың үздік мейіргері» байқауы өтті. Үздік мейіргер атағын алу үшін: Иванченко Ася, Серікпаева Әсел, Мұхаметжанова Әсемгүл және Баймағанбетова Әйгерім қатысты. Жеңісті өкпе-терапевтік бөлімшесінің мейіргері Мұхаметжанова Әсемгүл жеңіп алды.
Орталығымызда талмай еңбек етіп жүрген барлық орта медициналық қөызметкерлерге АОФО директоры Жұмабек Раисович Махашев және директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Күльбарам Баймұханқызы Темирова алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.