Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Ұжымның ерлер қауымына директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары К. Б. Темирова,»AQNIET» кәсіподағының төрайымы Л. Ф. Высоцкая және»SENIM» кәсіподағының төрайымы А. Р. Тасжанова өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Құттықтаушылар барлық ер азаматтарға денсаулық, отбасыларына амандық және бақыт тілеп, ақшалай сыйлықтар табыс етті.