Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қ. Құрманбаев атындағы облыстық фтизиопульмонология орталығында қымызбен емдеу 2009 жылдан басталды. Ежелгі заманнан бері қымыз көшпелі халық үшін тамақ өнімі ретінде ғана емес, емдік құрал ретінде де белгілі. Бие сүтінде 40-тан астам қоректік заттар мен минералдар бар. В және С дәрумендерінің көп мөлшері туберкулезбен ауыратын науқастарға ұзақ мерзімді антибиотикалық терапия кезінде әсіресе пайдалы — дейді мамандар.

ЖАНАТ ГАЗИЗОВ -Қ. ҚҰРМАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМШЕСІ МЕҢГЕРУШІСІ: «Қымызбен емдеу кезінде біз қымызбен емдеу басталғаннан кейін 7-12 күн өткен соң туберкулездік интоксикация белгілері жоғалғанын немесе күрт төмендейтінін анықтадық: тәбет жақсарады, ұйқы қалыпқа келеді, әл-ауқат пен көңіл-күй жақсарадыә.

Бүгінгі таңда облыстық фтизиопульмонология орталығында 105 пациент емделуде. Оның ішінде 45 -і туберкулездің төзімді түрімен ауырады және өкпе терапиясы бөлімшесінде мамандандырылған терапиядан өтеді. Күн сайын пациенттер денсаулығын жақсартуға және нығайтуға көмектесетін қымыздың 200-ден 500 граммына дейін тұтынады.

АСЫЛБЕК ЖУМАБЕКОВ – ПАЦИЕНТ: «Пайдасы бар, өте жақсы. тезірек емделуге көмектеседі. Біздің аталарымыздың қымыз ішкендері бекер емес. Менің ойымша, мұның ешқандай зияны жоқ, тек пайдасы бар».

Жыл сайын туберкулезбен жаңа ауырған 30-35 пациент қымызбен емдеуден өтеді. Осы терапияны енгізу басталғаннан бері өкпе туберкулезімен ауыратын 330 адам қамтылды. Пациенттердің 90% — дан астамы қымызды жақсы қабылдады, 77% -ы салмақ қосып, 27% — ы емнің болжамды мерзімінен ерте емделіп шықты.