Компьютерлік томография (КТ) — ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін ең ақпараттық зерттеу әдістерінің бірі. Dominus-128 құрылғысы жоғары сканерлеу жылдамдығын төмен сәулелік жүктемемен ұштастырады, бұл диагностиканы тек тиімді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз етеді.
Dominus-128 томографының артықшылықтары:
* Суреттердің жоғары дәлдігі – дәрігерлерге ағзалар мен тіндердегі ұсақ өзгерістерді көруге мүмкіндік береді;
* Тексеру жылдамдығы – зерттеу 3–5 минутты, контрастпен 10–20 минутты алады;
* Минималды сәулелік жүктеме– қайта-қайта диагностика қажет науқастар үшін маңызды;
* Комфорт – кең туннель мен эргономикалық құрылым процедура кезінде мазасыздықты азайтады.
Dominus томографының көмегімен мынадай ағзаларды тексеруге болады:
* кеуде қуысы мен құрсақ қуысы мүшелері;
* ми мен тамырлар;
* тірек-қимыл аппараты;
* жамбас қуысы мүшелері.
Мұндай диагностика өкпе және жүрек ауруларында, онкологияда, травматология мен неврологияда таптырмас көмекші. Томограф патологияларды дер кезінде анықтауға, емнің тиімділігін бақылауға және емдеуді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жаңа томографта тексерулер алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Бұл қабылдауды кезексіз және жайлы жағдайда ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеуге жазылу үшін телефон: 8 (716)-2-26-31-22, с 9.00-16.00
Сіздің денсаулығыңыз — сенімді қолда!