Көкшетауда «Туберкулёз саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын арттыру және азаматтық қоғамның туберкулёз жүгін азайтуға қатысуын күшейту» атты адвокациялық жиын өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамқызы қатысты ол, өз сөзінде ол туберкулёзге қарсы табысты күрес азаматтық қоғамның белсенді қатысуынсыз және барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірмей мүмкін еместігін атап өтті.
Кеңестің негізгі мақсаты – шешім қабылдайтын тұлғалардың туберкулёзбен күрес саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ өңірде әлеуметтік маңызы бар аурулардың жүгін азайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарды тиімді бөлу мәселелерін талқылау болды.
Кеңес жұмысына облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, СПИД орталығы мен Психикалық денсаулық орталығының жетекшілері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары:
* Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы;
* Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы;
* «Ігілік» үкіметтік емес ұйымы.
Адвокациялық кеңес мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, тиімді шешімдер іздеуге және халық денсаулығын қорғау ісінде серіктестікті дамытуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.
Барлық қатысушыларға белсенді атсалысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріледі!