Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1 шілде — Қазақстан тарихындағы маңызды күн.

Бүгін еліміздің дамуының жаңа кезеңін айқындаған Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының күшіне енген күні атап өтіледі.

Жаңартылған Конституция әділетті мемлекет қағидаттарын нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауға және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Негізгі бағыттардың қатарында:

🔹 барлық азаматтар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

🔹 денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тұрақтылығын нығайту;

🔹 профилактикалық медицинаны және қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

🔹 медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Медицина қауымдастығы үшін бұл – кәсібіміздің жоғары маңыздылығы мен халық денсаулығын сақтаудағы ортақ жауапкершілігіміздің айқын көрінісі.

Қабылданған өзгерістер отандық денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуына, азаматтардың әл-ауқатының артуына және Қазақстан Республикасының өркендеуіне өз үлесін қоса берсін.

Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының күшіне енген күні құтты болсын!