Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2026 жылғы 15–16 қазанда Ақмола облысында туберкулезбен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту тренингі өтті. Іс-шараны Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ұйымдастырды.

Оқытудың негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерінің туберкулезді ерте анықтау, ауруды уақтылы диагностикалау және туберкулезге күдік туындаған пациенттерді дұрыс бағыттау мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Оқыту барысында БМСК деңгейінде пациенттерді тексеруді ұйымдастыру, туберкулезге күдігі бар адамдарды уақтылы анықтау, сондай-ақ оларды қажетті диагностикалық зерттеулер мен мамандардың кенестеріне уақытылы жіберу бойынша медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Оқытудың негізгі бағыттары:

туберкулезді ерте анықтау және ерекше назар аударуды қажет ететін белгілерді білу;

ауруды уақтылы диагностикалау және қажетті тексерулерді ұйымдастыру;

туберкулезге күдікті пациенттерді тиісті медициналық ұйымдарға дұрыс бағыттау;

БМСК ұйымдары мен мамандандырылған фтизиатриялық қызмет арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру;

профилактикалық іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыру.

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу медициналық көмектің сапасын арттыруға, ведомствоаралық және кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ туберкулездің алдын алу және оны ерте диагностикалау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.